Волонтерлер жаңа Конституция жобасына ұсыныс білдірді
Ұлттық волонтерлік желі мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдайтындарын айтып үндеуді жариялады. Елдің барлық өңірлерінен жиналған еріктілер ұйымдарының өкілдері реформаны жан-жақты талқылап, пікір алмасты. Бірлестік жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет арасындағы ортақ міндеттерді шешудегі ынтымақтастықтың негізін қалыптастыратынын жеткізді. Сондай-ақ азаматтар қоғамдық міндеттерді шешуге белсенді қатысуына ықпал етеді деп сенім білдірді.
Айбек Досымбетов, Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі:
Әрине бізде волонтерлік бағыт болғаннан кейін 31-баптың 2-тармағына ұсыныс беріліп жатыр. Яғни бұл жерге қайырымдылықпен бірге волонтерлік қызметті де енгізу. Биыл халықаралық волонтерлер жылы Мемлекет басшысының бірден-бір ұсынысымен. Бүкіл әлем қабылдап, қолдау білдіріліп жатыр.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеті жылдың басты көрсеткіштері мерекелік билбордтарда
22.10.2026, 18:26
Ревматология саласында жаңа ғылыми еңбек жарыққа шықты
22.10.2026, 17:28
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Петропавлда кітап оқуды дәстүрге айналдырған отбасы тұрады
22.10.2026, 17:24
Қарағандыда 50 қарағай көшеті отырғызылды
22.10.2026, 17:22
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17