МӘМС жүйесінде қандай заңсыздықтар анықталды?
Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың қорытынды жиынында: «…Мен Үкіметтің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігіне беру шешімін қолдаймын. Әлеуметтік сала басшыларының біліксіздігі мен мемлекет мүддесіне немқұрайлы қарауының салдарынан …медициналық сақтандыру қорында қомақты қаржы қолды болды», – деген.
Осы қорды «монстр» деп сипаттайтын Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ұрлық жасай алудың басты себебі қорды бақылау және қадағалау тетіктерінің алынып тасталуынан деді.
Тіпті Денсаулық сақтау министрлігіне есеп бермейтін құрылымға айналған. Жоғары аудиторлық палатаның есебінде де: «МӘМС қорының бухгалтерлік жүйесі заң талаптарына сай емес», – деп жазылған. Өйткені ол жерде түсіп жатқан қаржы емес, тек активтер ғана көрсетіледі екен…
Сонымен міндетті әлеуметтік медициналық қордан қаражат ұрлауға мүмкіндік берген қандай «ережелер» немесе бухгалтерлік/қаржылық есептер?
Әкімшілік-әміршілдік системаға байланған бизнестердің «құлағы қылтиятынын» сезіп отырмыз. Ол «құлақтарды» Қаржы министрлігі «сүйреп» шығара ала ма?
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы