Белградтағы баскетбол матчында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Белградтың «Партизан» және Афинаның «Панатинаикос» клубтары арасындағы баскетбол Еуролигасының матчы аясында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды. Еліміздің Сербиядағы елшілігінің бастамасымен 18 мың жанкүйер жиналған «Белград аренаның» экрандарында «Born Bold Kazakhstan» туристік роликтері көрсетілді. Және отандық әуе компания ашқан «Астана-Белград» тікелей рейсі жайлы мол ақпарат таратылды. Сондай-ақ жанкүйерлер «Партизан» клубы ұсынған айып добын лақтыру байқауына қатысты. Ойынның жеңімпазына еліміздің Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Қазақстанға тегін сапарлау сертификатын табыс етті. Саяхат шығынын сербиялық кәсіпкер көтермек.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11
Қытайда робот өндірісінде 6G технология қолданылды
21.10.2026, 20:08
АҚШ-тың арнайы өкілі Путинмен кездесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады
21.10.2026, 20:08