Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
Бүгін Жамбыл облысында да ауа райы күрт өзгеріп, жойқын жел тұрды. Жаңатас қаласында жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Өйткені секундына 32 метр жылдамдықпен соққан дауылдан көп қабатты үйлер мен өзге де нысандар бүлінді. Тұрғындардың көліктері де шатыр астында қалып қойған. Дәл қазір өңірдегі меншікті тілшіміз Данияр Әлімқұл желден кейінгі жағдайды тікелей эфирде баяндауға дайын. Данияр, дүлей дауылдан аудан орталығындағы әлеуметтік нысандарға зақым келді ме?
Данияр Әлімқұл, тілші:
Жаңатастағы жойқын желден 4 шағын ауданның тұрғындары қатты қорқып қалды. Өйткені 10 үйдің шатыры ұшты. Ал 3 баспананың төбе жабындысын түгел жұлып түсірген. Сондай-ақ аудандық мәдениет үйінің де сыртқы сылақтары сыпырылып, шатырына зақым келген. 8 кәсіпкерлік нысанда да дәл осындай жағдай. Ұшқан шатырмен құлаған ағаштың астында қалған 16 көлік бүлінді. Оның екеуі қоғамдық автобус. Ал тұрғындар үй шатырлары сапасыз жабылғандықтан желге шыдас бермеді, дейді.
Оңталап Қарсақбаев, Жаңатас қаласының тұрғыны:
Әр стропила байлану керек алтылық сыммен. Бірде-біреуі байланбаған. Сондықтан ұшқан. Үй төбесіне қазір шығып келдік. Апатты жағдайда төбесі. Анау шетте тұрған плиталар құлайды жақын арада тағы осындай жел болатын болса.
Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:
Мердігер анықталды. Қазір осының бәрін жасап, тездетіп, бірінші кезекте сынған терезелердің бәрін жөндеңіздер. Уайымдамаңыздар, бәрін жөндеп береміз. Енді сіздер шатырын жасаған соң жөндеп жасау керек.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Жаңатаста жапырылып құлаған ағаш саны 30-ға жуықтайды. Салдарынан жарық бағаналары да бүлінген. Қазір үзілген 2 шақырым электр сымы жалғанып жатыр. Жалпы зақым келген нысан көп болғанымен зардап шеккен адам жоқ. Комиссия шығынды есептеп жатыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16