ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
Балалардың 46%-ы 5 пен 8 жас аралығында интернетке тәуелді бола бастайды. Желіге байланған әр бесінші бала психикасына әсер ететін контент кесірінен кибербуллингке ұшырауы мүмкін. ЮНИСЕФ келтірген деректер осындай. Сондықтан елде жасөспірімдердің онлайн платформаға тіркелуіне тыйым салу жобасы қаралып жатыр. Құжат жыл соңына дейін Парламентте талқыланбақ.
Ақниет Балтанова, тілші:
Телефонды басып қалсаң, әлеуметтік желіні ашып қалсаң, рилс немесе shorts форматта қысқаша видеолар қаптап шығады. Бірі пайдалы, бірі шектен тыс зиян контент. Сараптап та үлгермейсің. Бала түгіл, өзіміз де сағаттап қарап, уақытты сарп етеміз.
Көпбалалы Жұмахандар отбасында күнделікті тәртіп қалыптасқан. Жасөсіпірімдер үйде телефон шұқылап жатпайды. Сабағын оқып, үй тапсырмасын орындап болған соң ғана қалаған контентін көруге рұқсат. Ал балабақшаға баратын кішкентай 2 бүлдіршін кешкі уақытта 1-2 сағат Балапан арнасының мультфильмдерін көреді. Ата-анасының пікірінше, цифрлық заманда баланың смартфон қарауына мүлдем тыйым салу мүмкін емес.
Жансая Мәдіқызы, ата-ана:
Балалардың ұялы телефондарында контроль ұстап тұратын функциялар бар. Соны қойып қойғанбыз. Баланы тыйып тастауға да болмайды. Контент көрме, қазіргі балалар не істеп жатыр істеме деп. Заман талабына сай болу керек, өсу керек деп ойлаймын. Бірақ қадағалап отыру керек, не көрді, не істеді.
Балалар үшін қазір таңдау көп, өйткені ғаламтордың шегі жоқ. Салдарынан елдегі әрбір бесінші бала психикасына кері әсер ететін контент көруі мүмкін. Зерттеу жүргізген Юнисеф ұйымының дерегі осындай. Сол себепті Үкімет еліміздегі 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасын әзірлеп жатыр.
Аида Балаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі:
Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қол жеткізу мүмкіндігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Оқу-ағарту министрлігімен, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірге пайдаланушылардың жасын тексеру механизмдерін әзірлеп, тіпті жауапкершілік шараларын қарастыруды жоспарлап отырмыз.
Психолог мамандардың пайымынша, зиянды контентке шектеу қойған дұрыс. Бірақ мәселенің оң шешімі – баланың бос уақытын қызықты ұйымдастырып, қадағалауда.
Мира Құдабаева, педагог-психолог:
Ең бірінші жасөспірімдермен жұмыс істеген уақытта ата-ана баламен келісімге отыру керек. Ашық сөйлесу керек, балам сен қандай контенті көріп жатсың? Осы контент саған қызық па, не үшін қызық? Ал егер ол контент олардың құндылықтар жүйесіне, отбасылық, қандай да бір тұлғалық құндылықтар жүйесіне сәйкес келмейтін болса, оның не үшін сәйкес келмейтінін баласына түсіндіру керек.
Ал балаларға әлеуметтік желіге шектеу қою туралы заң жобасы күшіне енсе, TikTok, Instagram сияқты платформаларға тіркелуге және оны пайдалануға рұқсат берілмейді. Тек whats app мессенджерлер қолжетімді болады. Құжат сүзгіден өткен соң, қоғамның талқысына шығарылады.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
06.02.2026, 20:59
Әлем жаңалықтарына шолу
06.02.2026, 20:15
Қарлы боранда қалғандар құтқарылды
06.02.2026, 20:14
Жойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
06.02.2026, 20:09
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
06.02.2026, 20:07