Бүгін XXV қысқы Олимпиада ойындарының жалауы желбірейді
Бүгін Италияның Милан және Кортина қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде басталады. Сол жақта жүрген әріптесім Азамат бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Ойындардың ашылу салтанаты жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма нөл нөлде Милан қаласы мен Ливиньо қар саябағында бір мезгілде өтеді. Ал спортшылар шеруі бір уақытта төрт түрлі алаңда ұйымдастырылады. Негізгі салтанатты кеш Милан қаласындағы осы ғасырлық тарихы бар әйгілі «Сан-Сиро» олимпиадалық стадионында өтеді. Сонымен қатар Предаццо, Ливиньо және Кортина-д’Ампеццо қалаларында марапаттау рәсімдері мен спортшылар шеруі қатар жүргізіледі. Қазақстандық көрермендер салтанатты ашылу рәсімін Астана уақыты бойынша сағат жиырма үш елуден бастап Қазақстан және Қазспорт телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Италия өз тарихында Олимпиада ойындарын төртінші рет қабылдап отыр. Оның ішінде бұл – елдегі үшінші қысқы Олимпиада. Бұған дейін қысқы Олимпиада ойындары Кортина қаласында және Туринде өткен болатын. Дүбірлі добадаға тоқсаннан астам елден шамамен үш мыңнан аса спортшы қатысады деп күтіледі. Байрақты бәсекеде он алты спорт түрі бойынша жүз он алты медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан атынан он спорт түрінен отыз алты спортшы бақ сынайды. Ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могул шебері Аяулым Әмренова алып шығады. Біз Сан-Сиро стадионының ішіне кіріп, ашылу салтанатын тапсалауға рұқсат алдық. Енді, сол жерден жедел ақпарат таратамыз. «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары қосулы болсын!
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыЖойқын желден Жаңатаста 10 үйдің шатыры ұшты
06.02.2026, 20:12
Мәжіліс төрағасы Беларуське ресми сапармен барды
06.02.2026, 20:10
Астанада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелді
06.02.2026, 20:09
ЮНИСЕФ: Желіге байланған әр бесінші бала зиянды контент қарайды
06.02.2026, 20:08
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын қолдайды
06.02.2026, 20:08
Жаңа Конституция жобасы талқыланды
06.02.2026, 20:07