Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Шоппер таңда!

«Таза Қазақстан»: Шоппер таңда!

Семейде Абай облыстық жастар ресурстық орталығы «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында «Шоппер таңда» акциясын ұйымдастырды. Қаладағы ірі сауда орнында тұрғындарға көп рет қолданылатын экосөмкелерді тегін таратты. Көпшілікті қоршаған ортаны қорғау, пластик қалдықтарының азаюына үлес қосып, экомәдениетті арттыруға  үндеді. Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 миллион тонна тұрмыстық қатты қалдық түзсе оның 10-15 проценті пластик. Әр тұрғын жылына орта есеппен 42 келі пластик қалдық шығарады. Бірақ ондай қоқыстың 10 пайызы ғана қайта өңделеді. Қалғаны өртеледі немесе жерде қалады. Сондықтан белсенді жастар экологияға орасан зиян келтіретін мұндай үрдістен бас тартуымыз керек, - дейді.

Әнуәр Жәзитов, «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

Күнделікті әр тұтынушы, дүкенненшыққан сайын 1 немесе 2-3 данадан полиэтилен пакеттерін алып шығып жатады. Оның бәрлығы көп адамға шаққанда, өте көптеген полиэтилен қалдықтарын алып келеді. Бұл табиғатты ластап жатқанын барлығымыз білеміз. Күнделікті көріп те жүрміз. Осымен күресу мақсатында көп реттік шопперларды таратып, адамдарға насихат «Таза Қазақстан» идеясын қолдауға шақырып жатырмыз.


Бөлісу