6 ақпан – дүниежүзілік сайлау күні
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Оралда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері мектеп оқушыларымен кездесті.
Атаулы күн қоғамда сайлаудың мән-маңызын түсіндіріп, жас сайлаушылардың қатысу белсенділігін арттыру мақсатында насихатталады. «Talk like» форматында өткен іс-шарада сайлаудың халық билігін нығайтудағы рөлі ұғындырылды. Жоғары сынып оқушылары, яғни жас дауыс берушілер сайлау жүйесі туралы көкейтесті сұрақтарын қойып, спикерлермен пікір алмасты. Конституциялық реформаларға қатысты да өз ұсыныстарын айтты. Ата заң жобасы олардың болашағына, елдің саяси-әлеуметтік дамуына елеулі әсер ететінін айтады. Дені аймақтағы жас сайлаушылар клубына мүше болған.
Дәулет Мұқанов, оқушы:
Менің ойымша, сайлауға қатысу – бұл әрбір азаматтың міндеті. Өйткені елдің болашағын және тағдырын айқындау үшін өте маңызды. Мен өзімді іштей мазалап жүрген Конституция туралы сұрақтарымды қойған болатынмын. Және оларға ашық түрде жауап алдым.
Әділ Жоламанов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:
Біз бұл шараларды атап өтуде, ең алдымен, жастарға көңіл бөлудеміз. Өйткені, «Еліміздің болашағы – жастар» демекші, сол жастардың сайлауға қатысуы, сайлау жүйесінің маңыздылығы туралы түсінік беру – біздің басты міндеттеріміздің бірі деп санаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы