Семейде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Семейде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Водный кентінде салынған әлеуметтік маңызы бар нысан бір мезетте 160 баланы қабылдай алады. Былтыр өңір тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін Жаңасемей, Мақаншы, Бородулиха аудандарында осындай 3 жаңа ғимарат халық игілігіне берілді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне аймақ басшысы, спорт ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Спорт кешені небәрі 9 айда салынған. Арнайы келісім аясында бой көтерген. Мұндағы спорт залдары мен жаттығу алаңдары тұрғындардың спортпен жыл бойы шұғылдануына мүмкіндік береді.
Мерей Қайрат, облыстық Спорт басқармасы басшысының орынбасары:
2025 жылы бізде үш спорт нысаны пайдалануға берілді. 26 жылы облыс бойынша 18 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Жоспар бойынша жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұқаралық спорт өте жақсы дамып жатыр. Оның ішінде Олимпиадалық спорт түрлерінен жетістіктеріміз көбейіп жатыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04