Қазақ өнерін дамытуға үлес қосып жүрген жандар көп
Өзбекстанда бір миллионға тарта қандасымыз тұрады. Олардың арасында ән жырға құштар, қазақтың өнерін дамытуға үлес қосып жүрген жандар өте көп. Екі елдің мәдени- рухани байланысын нығайтуға атсалысып келе жатқан өнерпаздар жайлы келесі бейнематериалда.
Үрбігүл Сүйербаеваның сахнада жүргеніне жарты ғасырдан асқан. Өзге елде тұрса да қазақтың әнін шырқап келе жатқан ол ұзақ жылдар бауырлас елдің атағы дүркіреген Лазги ансамбілінің белді мүшесі болған. Кіл қазақтар қоныс тепкен Шыршық өңірінің тумасы әлі күнге ағайын туыс пен замандастар бас қосқан ортада қазақша ән айтуды дағдыға айналдырған.
Кеңес одағы тұсында 20-ға тарта шет мемлекетті аралап, қазақтың әнін әлемге танытуға зор үлес қосқан. Ал жанына ең жақын сәттер Қазақстанда өткен шаралар. Ең алғаш сонау 1972 жылы Алматыдағы Өзбекстанның мәдени күндерінде сахнаға шыққаным әлі күнге жадымда дейді.
Үрбігүл Сүйербаева әнші:
Облысқабөліп жіберді, бірақ кейін қайта Алматыға жиналдық. Сонда шараның жабылу салтанатында Қараторғай әнін айттық. Қыздардың костюмдері біркелкі аппақ, ақ шағаладай киінген, кең сахнаны толтырып тұрдық.
Екі елдің достығына дәнекер болып жүрген осы Үрбігүл сынды өнерпаздар. Өзбекстандық ағайын осылай деп ағынан жарылды. Талай жыл киелі сахнада қатарласа ән салған замандастары ұлтқа бөлінбей бір үйдің баласындай сыйластықты ту етіп келе жатқанын алға тартады
Айгүл Турахуджаева Хорезм тұрғыны:
Құрбым, әріптесім, туған әпкемдей болып кеткенін айрықша атап айтқым келеді. Мінезі алғыр, тәртіп пен жауапкершілікті үнемі алдыңғы қатарға қоятын қасиетімен ерекшеленетін еді. Барлығымыз Үрбігүлден үлгі алатынбыз.
Бір кездері Өзбекстанның Ташкент облысында «Аққанат» деген атаумен өнерпаздар тобы құрылып, елді қазақша әндерімен сусындатқан. Сол топта өнер көрсеткен азаматтардың кейбірі бүгінде Қазақстанда тұрады. Олар әлі күнге арнайы келіп, осында жасап жатқан қимас бауыр, көз көргендермен жиі жүздеседі.
Қарлыбай Әбуов Шымкент қаласының тұрғыны:
Ансамбль Өзбекстандағы қазақ диаспорасы өкілдеріне қызмет жасау мақсатында құрылған. Тамды ауданы, Науайы облысының одан кейін Қарақалпақстан, Кенимех сынды қазақтар көптеп шоғыранған жерлерді түгел аралағанбыз фермалар, құм арасындағы малшыларға үлкен көліктермен аралап жүріп концерт қойғанбыз.
Өзбекстандағы өнер өкілдері мен шығармашыл орта осылайша Қазақстан мен Өзбекстанның мәдени- рухани ынтымақтастығының дамуына үлес қосып жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы