Атырауда қызылша өршіп тұр
Атырауда қызылша өршіп тұр. Соңғы бір айда 100-ден аса адам кесел жұқтырған оның 86 пайызы 5 жасқа дейінгі бала. Уақытылы екпе алмағанның салдарынан ауру үдеп барады дейді дәрігерлер. Ем қабылдап жатқандардың басым бөлігі 1 мен 5 жас аралығындағы балалар. Дегенмен, қазір ауруханада орын тапшылығы жоқ.
Гүлназ Ербатырова, Облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Бір жасқа дейінгі балалар екпемен әлі жасы жетпегендіктен осы қызылшамен ауырып отыр. Сонымен қатар 1-5 жас аралығындағылар олар көбінесе өзінің күнтізбеге сәйкес екпесін алмай, бас тартқан ата-аналардың балалары ауырып отыр.
Дәрігерлердің дерегінше, республика бойынша ауру кең таралып барады. Бір айда 2000-ға жуық адам қызылша жұқтырған. Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл мен Алматы облыстарында қызылша жұқтырғандар көп.
Мейірім Сұлтанова, Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын-алу департаментінің директоры:
Жалпы қызылша ауруы ауа, тамшы жолымен беріледі. Тиімді алдын алу әдісі - уақытылы егу. Қатынаста болған адамдар бақылауға алынып, оларға қажет жағдайда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екпе жүргізіліп және медициналық бақылау, яғни инкубациялық кезеңде тексеру жүргізіледі.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04