«Таза бейсенбі»: «Түркібасы әулие» аумағы тазартылды
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бүгін Абай ауданының аумағында өтті. Сенбілікке «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық сала мамандары мен қала тұрғындары белсене атсалысты. Олар халық көп келетін қоғамдық орындардың аумағын тазартты. Жоба басталғалы 80 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Жалпы акцияға 5 мыңға жуық азамат атсалысқан.
Абай Сырлыбаев, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары:
Осы әр аптада біз ұйымдастыратын кезде университеттерді бөліп, сабақтарына зиян келмес үшін таңғы уақытта осындай сенбіліктермен айналысып отырамыз. Әр аптада әр аудан болады ғой. Қай жерде қоқыс көп болады, қандай ұсыныстар халықтан түсіп отыр, соған байланысты жинаймыз.
«Түркібасы әулие» аумағы тазартылды
Тарихи мұраға тағзым тазалықтан басталады. «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Түлкібас ауданындағы «Түркібасы әулие» кесенесінің аумағын тазалады. «Таза бейсенбі» акциясына қатысқан партияның жергілікті өкілдері мен тазалық мекемесінің қызметкерлері қураған ағаштарды кесіп, айналаны абаттандырды.
Ержан Жүнісов, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының төрағасы:
Оңтүстікке көктем ерте келеді. Соның ішінде біздің Түлкібас ауданында да міне көктем өз реңін білдіріп жатыр. Қардардың барлығы еріп, жан жағымыздың барлығы ашылып жатыр. Сол өңірлерімізді тазалыққа шақырайық деген оймен мына «Таза бейсенбі акциясы аясында жергілікті халықтың жүретін жерлері, ауданымызға келіп жатқан қонақтардың көп жүретін жерлеріне көңіл бөліп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы