Х қысқы Азия ойындары 2029 жылы Алматыда өтеді
Х қысқы Азия ойындары 2029 жылы Қазақстанда, Алматыда өтеді. Бүгін Миланда алдағы дүбірлі доданы Қазақстанда өткізу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Сол жиынға қатысқан Ұлттық арна тілшісі Азамат Бейбітұлы тікелей байланысқа шыққалы тұр. Азамат, эфирдесіз. Тыңдап тұрмыз.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Иә, 2029 жылғы қысқы Азия ойындары ресми Алматы қаласында өтеді. Аталған дода бастапқыда Сауд Арабиясында өтуі тиіс болған. Оңтүстік Корея мен Қытай елі де бұл жарысты өз елдерінде ұйымдастыруға мүдделі болды. Бірақ Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан тарапы бүгін ресми келісімге қол қойды. Салтанатты шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.
Геннадий Головкин, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті:
Бүгін қысқы Азия ойындарын Алматыда өткізу туралы келісім шартқа қол қойылды. Біз бұл шараны 2029 жылы өткіземіз. Өздеріңіз көріп тұрғандай әлемдік спорт тарапынан қолдау болып тұр. Бұл өте маңызды. Еліміздің имиджі үшін және ұлттық олимпиада комитетінің атқпрып жатқан жұмыстары үшін бұл өте маңызды оқиға.
Ертең Олимпиаданың ашылу салтанаты өтеді
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Жалпы, Азия ойындарын өткізу экономикалық жағынан Қазақстанға тиімді болып тұр. Бұл туралы ком комитеттің бас хатшысы Әлімжан Ақаев бізге берген сұхбатында айтты. Себебі, бұған дейін елімізде 2011 жылы Азия ойындары өткен еді. Ал 2017 жылы 28-інші қысқы универсияданы Алматыда жоғары деңгейде атқардық. Сондықтан, бізде Азия ойындары сияқты дүбірлі доданы өткізуге спорттық инфрақырылым мен тәжірибе бар. Ал олипиадаға тоқталатын болсақ, ертең ашылу салтанаты Сан-Сиро стадионында өтеді. Елімізден 10 спорт түрінен 36 спортшымыз сайысқа түседі. Ашылу салтанатынан бастап, барлық спорттық жарыстарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Ал біз жарыс өтіп жатқан жерден жедел әрі эксклюзивті ақпараттарды таратуға тырысамыз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемнің топ-10 тізіміне енген жас теннисші Заңғар Нұрланұлы арнамызға сұхбат берді
05.02.2026, 20:53
Қазақ өнерін дамытуға үлес қосып жүрген жандар көп
05.02.2026, 20:30
Жаһан жаңалықтарына шолу
05.02.2026, 20:14
М.Әшімбаев «Адамзат Бауырластығы» сыйлығын табыстау рәсіміне қатысты
05.02.2026, 20:13
Онлайн ақша аудару қиындауы мүмкін
05.02.2026, 20:12
Банктер несие беруді азайтты
05.02.2026, 20:11
Атырауда қызылша өршіп тұр
05.02.2026, 20:10
4,5 мың науқас донарлық ағза кезегін күтіп жүр
05.02.2026, 20:09