Астанада «Ұлы дала перзенті» кітабы таныстырылды
Астанада «Ұлы дала перзенті» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Бұл кітап Екінші дүние жүзілік соғыс жылдары еңбекке ерте араласқан бала
комбайншы Айтжан Башимова жайында. Айтжан апа небәрі 13 жасында механизатор
мамандығын игеріп, Қазақстандағы ең алғаш ауыр техниканы тізгіндегендердің бірі
болды. Кітапта архивтік деректер мен ауылдастарының естеліктері топтастырылған.
Таныстырылым барысында зиялы қауым өкілдері еңбек адамының ерлігі жас ұрпаққа
үлгі екенін атап өтті. 500 данамен жарық көрген басылым сұранысқа қарай
республиканың әр аймағына таратылады.
Қанат Өскенбаев, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор:
Кішігірім кітап, мен ойлаймын осы тұлғаға арналған бастамасы деп ойламын. Болашақта архив құжаттар шығып жатса тағы да ол кісінің өміріндегі қызықты, ащы дүниелер кезіксе, бұл әлі толықтырылады. Авторлар мұны біледі, әрі қарай жалғастырады деп ойлаймын.
Аслан Ғафуров, Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми хатшысы:
Бүкіл деректер жеткілікті, себебі КСРО халық депутаты болған, қанша сьезге қатысқан, қандай еңбек жолынан өткен оның барлығы түпнұсқалары сақтаулы. Ұлан совхозынан еңбек жолын бастаған, 14 жасында, содан талмай зейнетке дейін жұмыс істеген.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05