Басты Жаңалықтар Ә.Науидің 585 жылдық мерейтойы Брюссельде тойланды

Ә.Науидің 585 жылдық мерейтойы Брюссельде тойланды

Түркі халқына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткері Әлішер Науидің 585 жылдық мерейтойы Брюссельде тойланды. Өзбекстанның Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған басқосуда түркітанушы ғалымдар Шығыс шайырының өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертті. Әлішер Науаи-түркі әдебиетінің көкжиегін кеңейтіп, оны әлемдік деңгейге көтерген ақын. Бай философиялық мұра қалдырған ойшыл. Ол өзінің абырой-беделін білім мен мәдениетті насихаттауға жұмсап, көптеген медреселер мен кітапханалар салуға ұйытқы болған таутұлға. Шайырдың шығармаларын зерттеуге Шоқан Уәлиханов бастаған қазақ ғалымдары да қомақты үлес қосты. Ұлы Абай оны өзіне ұстаз санады. Ал, ақын Несіпбек Айтұлы Әлішер Науаидің ең басты еңбегі «Хамсаны» қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарды.

Дерия Сойсал, «Euro Reflect» басылымының басқарушы редакторы, Орталық Азия бойынша тәуелсіз сарапшы:

Әлішер Навои – Абайдың, Физулидің, жалпы бүкіл түркі әлемінің ұлы ақыны,ойшылы. Ол заманда парсы, араб тілдері маңызды саналған. Бірақ Науаи әр ұлт өзінің ана тілінде жазуы тиіс деп түркі тілдерінің зор күшке ие екенін паш етіп, дамытқан. Сондықтан Науаидің еңбектерін барлық түркі халықтары оқып, зерттеуі керек.


Бөлісу