Павлодарда спорт саласындағы жемқорлық анықталды
Павлодар прокуратурасы спорт саласындағы жемқорлық деректерін анықтады. Мәселен қаладағы хоккей кортын жалға алған кәсіпкер нысанды үш жыл бойы тегін пайдаланған. Ал коммуналдық шығын бюджет есебінен төленген. Тексеру барысында облыс аумағындағы спорт нысандарының әбден тозғаны, жылдар бойы жөнделмгені анықталды. Себебі бөлінген қаржыны жауапты тұлғалар өзара бөліске салған. Прокуратура мәліметіне қарағанда спорт мектептеріне бөлінген 10 млн теңге қолды болған.
Ерлан Төлеков, облыс прокурорының көмекшісі:
Аудандардың бірінде есепші үш жыл бойы өзіне заңсыз түрде 6 млн. теңге аударған. Қазір бұл іс сотта қаралып жатыр. Спорт мекемелерінде жалған дипломмен және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Мүлдем болмаған қонақүйлерге спортшыларды орналастырдық деп 2 млн. 800 мың теңгені бөліске салған.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16