Басты Жаңалықтар Конституциялық реформаға қатысты қоғамдық талқылау қыза түсті

Конституциялық реформаға қатысты қоғамдық талқылау қыза түсті

Конституциялық реформаға қатысты қоғамдық талқылау қыза түсті. Бүгін «Amanat» партиясы Әйелдер қанатының бастамасымен өткен дөңгелек үстелде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, оның ішінде әйелдердің тең мүмкіндіктері туралы пікірлер ортаға салынды. Жиынға партияның Әйелдер қанатының мүшелері, Мәжіліс депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері, ғылым, білім, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік салалардың мамандары қатысты. Сарапшылардың пікірінше, әйелдердің қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы, 30%-дық квотаның сақталуы маңызды. Әрі неке институтына қатысты енгізілген норма да ғылыми-құқықтық мәнге ие. Некені ер адам мен әйел адамның ерікті әрі тең құқықты одағы ретінде конституциялық деңгейде бекіту – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғайды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты:
Ұлттық құндылықтардың ішіндегі ең негізгісі – отбасы құндылықтарын, әйел адам мен ер адамның арасындағы ерікті одақты біз «неке» ретінде нақтылап жаздық. Осы мәселеге тоқталамыз. Сонымен қатар білім, ғылымға үлкен назар аударылып отыр, преамбулада жазылды. Білім құқықтарына мемлекет тарапынан кепілдік берілуі, оның қолданылуы, ғылымның жетістіктерін пайдалануға қатысты нормалар енгізілді. Осы нормалардың төңірегінде кең талқылаймыз және бұлардың барлығы халықаралық құжаттарға қаншалықты сай, соны талқылаймыз.


Бөлісу