Басты Жаңалықтар Дохада Қазақстанның мәдениет күндері басталды

Дохада Қазақстанның мәдениет күндері басталды

Қатар астанасы Доха қаласында Қазақстанның Мәдениет күндері басталды. Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Ол Қатардың Мәдениет министрі шейх Абдулрахман бен Хамад бен Джасим Аль Танимен кездесті. Тараптар креативті индустрияны дамыту, кітап шығару, туындыларды қазақ және араб тілдеріне аудару және суретшілерді қолдау мәселелерін талқылады. Ашылу салтанатында еліміздің этно-фольклорлық ансамблі, қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және би ансамблі өнер көрсетті. Сондай-ақ еліміздің танымал әртістері қазақтың классикалық мұрасын және араб әндерін орындады. Мәдениет апталығы аясында қолөнер бұйымдарының, ұлттық киімдердің көрмелері өтіп, садақ ату, саятшылық және тазымен аң аулау дәстүрлері таныстырылды.

Нассер Әл-Малки, Қатар мәдениет министрлігі халықаралық әріптестік департаментінің директоры:

Мәдениет апталығы 7 ақпанға дейін «Дәрб әл-Саи» алаңында өтеді. Басты мақсаты халықтар арасындағы мәдени көпірлерді нығайту. Осы күндері қазақтың өнерімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татамыз. 

Мария Мудряк, опера әншісі:

Мемлекетіміздің мәдениетті дамытуға үлкен көңіл бөліп жатқанына өте қуаныштымын. Және біздің шығармашылығымыз бүкіл әлемге танылып жатқынаны ризамын. Бұл әсіресе осындай мәдени алмасу күндерінің арқасында жүзеге асуда.
Бөлісу