Шымкент іргесіндегі Бадам өзенінде балық қырылды
Шымкенттегі Бадам өзенінде балықтың жаппай қырылуына сарқын судың төгілуі себеп болған.
Жағалау тұқы тұқымдас балықтың өлекселеріне толған. Мамандар судан сынама алып, зертханалық тексеруге жіберді. Ресми мәліметке сәйкес, өзенге жақын орналасқан мекемелердің бірінен өндірістік қалдық су құйылған.
Ермахан Қозыбаев, Шымкент қалалық экология департаментінің басшысы:
Труба тесілген енді износ дейміз, шіріген. Соның кесірінен авариялық жағдай орын алған. Судан сынама алдық. Сол шектік мөлшерден асқан әрбір ингредиентке айыппұл салатын боламыз. Заңды бұзған мекемеге қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары тағайындалуда.
Бадам өзенінде 2021 жылы да балық қырылған еді. Ол кезде судың сапасы мен температура өзгерген деді мамандар. Бүгінде өзен арнасы тұрмыстық қалдыққа толған. Табиғат жанашылары жергілікті биліктен мәселені назарға алуды талап етіп отыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05