Қалдықтарды заңсыз төккен 3 мыңнан аса жер ғарыштың мониторингпен анықталған
Былтыр ғарыштық мониторинг арқылы 3 мың 828 заңсыз қалдық жиналатын жер мен мыңнан астам қоқыс полигоны тіркелген. Бұл туралы Үкіметте өткен «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралған жиында белгілі болды. Қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сәйкес, Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында барлығы 1 мың 294 іс-шара өткізіліп, 844 мың тонна қалдық жиналған, 1 млн гектар жер тазартылып, 2,9 млн ағаш отырғызылған. Іс-шараларға 6,9 млн адам қатысты. Сондай-ақ Үкімет басшысы жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілуінің маңыздылығын атап өтті.
Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілгенін ерекше атап өткім келеді. Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа және мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық министрлерге, әкімдерге айтарым, «Таза Қазақстан» ол ешқандай біркүндік акция емес. Ол Мемлекет басшысы жариялаған еліміздің ұзақмерзімді идеялогиясы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы