Қазақстан мен Пәкістан өзара тауар айналымын $1 миллиардқа жеткізеді
Қазақстан мен Пәкістан өзара тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізеді. Бұл туралы еліміздің Сауда министрлігі айтты. Былтырдың өзінде алыс-беріс екі есе ұлғайып, 100 миллион доллардан асты. Енді ауыл шаруашылығы, химия және мұнай өнеркәсібі, металлургия, фармацевтика салаларына басымдық берілмек. Машина жасау да сауда айналымның маңызды бағыты. Биыл сәуірден бастап Қазақстан Пәкістанға автобус жеткізе бастайды. Келісімге сәйкес, әуелі 108 млн долларға 600 қоғамдық көлік экспортталмақ. Ал келесі жылы 2 мың данасы сатылады деген жоспар бар. Автобустар Алматы қаласындағы кәсіпорында құрастырылады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15
Жолаушылар пойызы интернетпен қамтылды
21.10.2026, 20:13
Қызылордада инвестициялық жобалардың құрылысы басталды
21.10.2026, 20:11