Атырау облысында жылқы қырылып қалды
Атырау облысы Исатай ауданында елуден астам жылқы қырылып қалды. Қаңтар айының басында нөсер жауыннан соң қар жауып, жердің беті мұздақ болып қатып қалған. Түзде жайылып жүрген түлік осы себепті қырылды дейді тұрғындар. Жергілікті ветеринар дәрігерлер мал өлексесін жинақтап, шығынды есептеп жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қырылған малдың бірде-біреуі тіркеуге алынбаған.
Нұрберген Өтегенов, Исатай ауданы әкімінің орынбасары:
Аталған жануарлар аштықтан көтерем болуынан өлуі мүмкін. Соған қарамастан аудан әкімдігі тарапынан тұрғындарды арзан мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы өндірістік кәсіпорындармен бірігіп отырып тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04