Басты Жаңалықтар Алатау қаласына 1,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады

Алатау қаласына 1,8 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады

Алатау қаласына шамамен 1 трлн 800 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында айтылды. Жиында шаһарды дамыту жайы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, су, газ жүргізу, жол салу секілді инфрақұрылымдық жобалар қаралды. Бұл жұмыстарға кіріспей тұрып барлық нормативтік акті реттеледі. Олардың инвесторларға түсінікті болуы шарт. Бұл ретте отандық сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылады. Бәрі ойдағыдай іске асса 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Олжас Бектенов Президенттің Алатау ситиді дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Айта кетсек, қазір Алатауды дамыту бойынша арнайы кеңес те бар. Олар қаланы дамытуға қатысты мәселелерді мұқият зерделейді.
Гарри Уильям Доббс, «Harry Dobbs Design» LTD жетекшісі, Алатау қаласын дамыту бойынша кеңестің мүшесі:

Әдетте «ақылды» технологиялар әлдеқашан қалыптасқан қалаларға енгізіледі. Ал Алатауда олар басынан-ақ салынбақ. Бұл расында бірегей мүмкіндік. Қаланы дамыту жайы жан-жақты ойластырылған. Сондықтан цифрлық хабқа келгенде, Алатау көшбасшы бола алады.

Бөлісу