Басты Жаңалықтар «Созақ» кен орнында газ игеріледі

«Созақ» кен орнында газ игеріледі

Елімізде алғаш рет күрделі газды барлау жұмыстары жүзеге аспақ. «Дәстүрлі емес» газды Қытай компаниясы өндіретін болды. Барлау және игеру жұмыстары Қызылорда облысындағы «Созақ» кен орнында жүргізіледі. Kazakh Invest пен шетелдік компания арасында келісімге қол қойылды. Қытайлық инвестор жобаға жалпы 7,5 млрд доллар құюды жоспарлап отыр. Егер жоба сәтті жүзеге асса, бұл кен орнынан 1 триллион текше метрге дейін газ алуға болады. 6 мыңға дейін жаңа жұмыс орны ашылады. Ал, 2045 жылға дейін жобадан бюджетке 5 млрд доллар салық түседі деп болжануда. Аталған инвестор Қазақстанда 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы уақытқа дейін еліміздің энергетика саласына 3 млрд доллардан астам инвестиция салған.
Айбол Арғынғазиев, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары:

Барланған және игерілген газдың барлығы дерлік ішкі нарыққа оның қажетін өтеуге жұмсалуы мүмкін. Бұл Қазақстанның 2,5 миллионға жуық газ тұтынушысының қажеттілігін өтейді деген сөз. Жоба толықтай инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асуда. Бұл жобаға мемлекет ешқандай қаражат жұмсамайды.

Бөлісу