Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласын басқарудың жаңа ережелерін таныстырды
Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласын басқарудың жаңа ережелерін таныстырды. Соңғы жылдары бұл салаға бөлінетін қаражат көбейді. Мамандар нәтижесінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетіп, нәресте өлімі 16 пайызға төмендегенін айтады. Алайда, қаржыландыру артқан сайын ресурстарды негізсіз жұмсау етек жайған. Былтырдың өзінде цифрлық бақылаудың арқасында 10,6 миллиард теңгенің заңсыз жұмсалуына тосқауыл қойылды. Енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаражаттың мақсатты жұмсалуын цифрлық технология бақылайды. Қазірдің өзінде 2 мыңға жуық медициналық ұйымға пациенттерді цифрлық сәйкестендіру арқылы қабылдау жүйесі енгізілді. Осылайша, қабылдаулардың 47%-ға жуығы Face ID және электрондық құжаттарды пайдалана отырып жүргізіледі.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Заңды іске асыру аясында қажетті өзгертулер енгізілді. 54 актіге медициналық қызметті лицензиясыз немесе сертификатсыз жүзеге асыру фактілері анықталған жағдайда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін уақытша тоқтата тұру және медицина қызметкерлерін жұмыстан шеттету туралы нормалар қабылданды.Сондай-ақ, медициналық мекемелерді лицензиялау мәселесі сөз болды. Осыған дейін медициналық мекемелер бір рет лицензия алса, сонымен шексіз жұмыс істей беретін. Енді лицензия тек 5 жылға беріледі. Өткен жылы тексеріс нәтижесінде 400-ге жуық медициналық ұйым жабылып, 500-ден астам айыппұл салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы