Балалар арасында қызылша жұқтырғандар көбейді
Ақтөбе облысында балалар арасында қызылша жұқтырғандар көбейді. Жыл басталғалы емдеу мекемелеріне жүзден астам адам келген.
Оның 88-іне нақты диагноз қойылды. Вирус жұқтырғандардың көбі Ақтөбе қаласынан. Сондай-ақ Темір, Алға, Шалқар, Ойыл және Мұғалжар аудандарынан бар. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, ауырғандардың 17-сі - нәресте, 57-сі 1 мен 4 жас аралығындағы балалар. Науқастармен байланыста болған жақындары да үш апта бойы дәрігерлердің бақылауында болады. 2024 жылы өңірде 3700-ден астам тұрғын қызылша жұқтырған. Одан кейін қосымша вакцинациялау жүргізілді. Нәтижесінде былтыр облыс бойынша барлығы 32 адамнан ғана вирус анықталған.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16