Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды
Бейне қолжетімді емес
Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды. Ерекшелігі сол, көз жанары жаңарған екі науқас та жастары келген адам. Бірі 81 жаста, ал, екіншісі 70-те. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Толық оңалу үшін бір жылдай уақыт керек екен. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадағы жаңалықтарымызда 39 жастағы Павлодарлық донор әйелдің жүрегі, екі бүйрегі, бауыры және екі көзінің қасаң қабығы алынғаны жайлы хабардар еткенбіз. Марқұм төрт адамның өмірін ұзартуға себепші болды, екі адамның жанары жақсартылды. Айта кету керек, бүгінде өңірде 38 адам көз транслантациясын жасатуға кезекте тұр.
Ақмарал Естаева, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының офтальмолог дәрігері:
Бұған дейін бұндай жоғары технологиялық операциялар тек Астана мен Алматы қаласында өткізілетін. Операция МӘМС аясында жүргізілді. Донорға және оның отбасына шын жүректен алғыс білдіреміз.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16