ШҚО Таврия ауылының тіршілігі түзеліп келеді
Шығыстағы Таврия ауылында орталық жылу қазандығы іске қосылып, дене шынықтыру кешені пайдалануға берілді. Нәтижесінде барлық әлеуметтік нысандарды жылыту мәселесі біржола шешімін тапты. Бес мыңға жуық жан саны бар ірі елдімекеннің қазіргі тыныс-тіршілігін тілшіміз Олжас Керейхан барып көріп келді.
- Ауылдағы өмір осы. Мен қойларыма қараймын. Қойлар маған қарайды.
Қарамаса мал өспейді. Жайлаухан ақсақалдың қазір қорасында аздаған қойы, 2-3 сиыр және тауық пен қазы бар. Таврияға 30 жыл бұрын шеттегі алыс ауылдан жұмыс бабымен көшіп келген. Бәйбішесі екеуі зейнетке шыққан соң да, еңбектен қол үзбеген. Тіпті осы аз ғана малдың арқасында қазір тіршілігін тіктеп отыр.
Жайлаухан Қорықбасов, Таврия ауылынң тұрғыны:
Қала жақын. Таңертең барып кешке қайтып келеміз. Өнімдеріңді өткізіп. Ешкімге қол жаймаймыз.Бәрі өзімізден.Ештеме сатып алмаймыз. Ауылда мектеп, балабақша бәрі бар.
Балабақша 80 орындық. Қазір 70 бүлдіршін білім мен тәрбие алады. Тек Таврия емес осы маңдағы бірнеше ауылдың бүлдіршіндері де келеді.
Динара Қыдырбекова, тәрбиеші:
Балалардың саны ешқашан азайған емес, баларды мектепке даярлап шығарамыз. Қайта орнына балалар келіп тұрады. Ешқашан ата-аналар көшіп жатқан жоқ. Жас мамандар келіп балалардың саны уақытылы толықтырылып отырады.
Бұрын аудан орталығы болған кездегі әлеуметтік нысандар жұмысын тоқтатқан емес. Ауыл болса да аурухана аудандық мәртебеге ие.
Ауылдағы жылу орталығы тоқсаныншы жылдары тоқырап тоқтап қалған. Биыл жаңадан қазандық салынып өшкен оты қайта жанды. Нәтижесінде барлық әлеуметтік нысан орталық жылуға қосылды. Енді көпқабатты және жеке үйлер қалды.
Павел Масиенко, жылыту орталығының басшысы:
Көпқабаты және жеке үйлерді орталық жылуға қазір-ақ қосуға дайынбыз. Тек сол нысандардың ішкі жылу жүйесі дайын болуы керек. Ауыл ішіндегі 4 шақырым құбырды да толық жаңаладық.
Жаңадан салынған нысанның бірі – спорт кешені. Қазір ауылдағы үлкен-кішінің бәрі бос уақытын осы жерде өткізеді. Денешынықтыру мен спорттық жарысқа қажет құралмен толық жабдықталған.
Санжар Есенкелді, 8 сынып оқушысы:
Кейбір кезде мына заттардың бәрі толық босамай, кезек-кезек тосып отырамыз. Заттар жетпей қалады. Бұрын құралдар жоқ кезінде болмай тұрып біз футбол ғана ойнап жүретінбіз. Ал қыста үйде жататынбыз.
Таврия тоғыз жолдың торабындағы ауыл. Сондықтан кейбір тұрғындар Өскеменде жұмыс істесе, басым бөлігі елді мекеннің өзіндегі шаруашықтарда еңбек етеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы