Басты Жаңалықтар Былтыр тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар 5% өсті

Былтыр тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар 5% өсті

Былтыр тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар 3,8 триллион теңгеге жетті. 2024 жылмен салыстырсақ бұл көрсеткіш 5 пайызға өскен. Бұл жайлы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі хабарлады. Ол өз сөзінде өткен жылдың қорытындыларымен бөлісіп, биылғы жоспарларды атап өтті. Оның сөзінше, елдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны жоспарланған межеден жоғары болған. Мәселен, 2025 жылға белгіленген 19,2 миллион шаршы метрдің орнына 20,1 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал бүгін елде шамамен 59 мың көппәтерлі тұрғын үй бар. 2026–2028 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында, сондай-ақ кредиттік бағдарламалар арқылы 20,7 миллиард теңгеге 363 көппәтерлі үйді күрделі жөндеуден өткізу бойынша бюджеттік өтінімдер жолданған.

Бақытжан Жүнісбеков, ӨҚМ құрылыс істері және ТКШ комитетінің төрағасы:
Үш жыл қатарынан тұрғын үй құрылысының қарқыны белгіленген межеден жоғары болып келеді. 2025 жылы жоспарланған 19,2 млн шаршы метрдің орнына 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 13,7 млн шаршы метрі көппәтерлі үйлер болса, 6,4 млн шаршы метрі жеке тұрғын үйлерге тиесілі.


Бөлісу