Ұлттық құраманың Олимпиададағы жетістіктері
- Милан Олимпиадасы - Қазақстан Ұлттық құрамасы қатысқалы жатқан тоғызыншы Ақ ойын. Осы уақытқа дейін спортшыларымыз төртжылдықтың басты додасында бас-аяғы 8 медаль жеңіп алған. Оның біреу алтын, үшеуі күміс, қалғаны қола. Ал жалпыкомандалық есепте 36 орында тұр.
- 1994 жыл. Лиллехамер. Бұл - тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әрі жоғары нәтиже көрсеткен Олимпидасы. Шаңғышы Владимир Смирновтың бір өзі 1 алтын, 2 күміс жеңіп алды. Владимирдің жеңісті жолын әлі ешкім жалғай алмай келеді. Ол еліміздің тұңғыш, әрі әзірге жалғыз - Олимпиада чемпионы. Бұл жарыста ел намысын 29 спортшы қорғады.
- Наганодағы жарысқа 60 атлет барды. Бұл жолы да қоржынға бірінші жүлдені Владимир Смирнов салды. Артынша, конькимен жүгіруден Людмила Прокашёва да олжалы болды. Ұлттық құрама Олимпиаданы 2 қоламен аяқтады.
- Солт-Лейк-Ситидегі Ақ ойындарда сәттілік жетпеді. Ел намысын қорғаған 50 спортшының біреуі де жүлдеге ілікпеді.
- 2006 жыл. Туринге барған 67 спортшы да бос қайтты. Ең үздік көрсетшкі – 6 орын. Шаңғышлар командалық спринтте үздік ондыққа кірді.
- Ванкуверде өткен кезекті Олимпиадада бір күміс бұйырды. Оны биатлоншы Еле́на Хрусталёва жеңіп алды. Жарысқа 37 атлет қатысты.
- Сочидегі дүбірлі додада қоржынға 1 қола түсті. Жүлдені марқұм мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен сыйлады. Жалпы бәсекеде 58 спортшы ел намысын қорғады.
- Пхёнчхандағы Ақ ойындарға 44 спортшы қатысты. Бұл жолы да тек бір жүлде бұйырды. Оны фристайл-могулдан Ю́лия Га́лышева иеленді.
- Бейжің. 2022 жыл. Қазақстан намысын қорғаған 34 спортшы да жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Шорт-тректен жекелей сында Абзал Әжғалиев финалға шығып, 4 орын алды. Ал, аралас командалық эстафетада құрама үздік бестікке кірді.
- Санаулы күнде Милан және Кортина-д'Ампеццо қаласында жиырма бесінші қысқы Олимпиада ойындары басталады. Ел намысын 36 спортшы қорғайды. Италиядағы жарыстан жанкүйер жүлде күтеді. Қытайдағы олқылықтың орнын толтырады, деп үміттенеді. Ақ ойындар ақпанның 6-22 аралығында өтеді. Жарыстарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
14.06.2026, 13:48
Мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:19
Елімізде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні атап өтіледі
14.06.2026, 12:18
Астанада «Əділет» партиясының II Съезі өз жұмысын бастады
14.06.2026, 12:17
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05