Жол инфрақұрылымын кеңейту жобалары жүзеге аса бастады
Жол – ел экономиканың күретамыры. Әсіресе, Еуразия құрлығының ортасындағы Қазақстан үшін көлік-логистика кешені үлкен маңызға ие. Бесінші Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы бұл салаға ерекше назар аударып, еліміздің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін айтқан еді. Өңірлерде үлкен жобалар қолға алына бастады. Мәселен, тек Ақтөбе облысында биыл респбуликалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталады.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Соңғы бір жылда Ақтөбе облысында республикалық маңыздағы 260 шақырым жол салынды. Осылайша қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 90 пайызға жетті. Ал, қазір біз тұрған «Самара-Шымкент» халықаралық көлік дәлізінің Ақтөбе қаласы мен Ұлғайсын ауылы аралығындағы бөлігінің құрылысы биыл басталады.
Жол инфрақұрылымының жақсаруы жүк тасымалымен айналысатын Қазыбек Махан секілді кәсіп иелері үшін аса қажет. Ол бұл жолмен жиі жүреді. Еліміздің оңтүстігінен Ресейге автокөлік жеткізеді. Түркістандық жүргізуші әсіресе, Ақтөбе мен Хромтау аралығында көп қиындық көретінін айтады. Өйткені, жол тар, көлік көп болғандықтан діттеген жерге уақытында жету мүмкін емес.
Қазыбек Махан, жүргізуші:
Көлік тасымалдаймын, басқалары жүк тасымалдайды. Жолда қиналып жатады. Жолда авариялар көп болып жатады. Соған қарсы төрт жолақты жол түссе қуанамыз. Жолда шұқыр көп, балон жарылады әр рейсте.
Қазыбек секілді жүргізушілердің жол азабынан құтылатын кезі алыс емес. Алдағы екі жылда бұл бағыттағы жолдың 262 шақырымы төрт жолақты болады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Орталық-Батыс» көлік дәлізі бойындағы «Торғай-Ырғыз» жолының да құрылысы басталады. Қазір жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, «Бейнеу-Бозой-Сексеуіл» жолының бір бөлігі Ақтөбе облысы арқылы өтеді.
Есет Аманбаев, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Бұл жол бойынша қазіргі таңда Көлік министрлігімен техникалық-экономикалық негіздеме дайындалуда. Аталған құжаттардың барлығы дайындалған соң бұл жоба іске асырылатын болады. Бұл жоба «Орталық-Батыс» республикалық дәлізі болып саналады.
Президент көлік-логистика кешеніне баса назар аударуды тапсырды. Ақтөбе мен Хромтау қаласында құрылған Арнайы экономикалық аймақтардың да басты мақсаты – өңірдің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану. Мұнда ірі жобалар жүзеге асуы тиіс. Яғни, әуе және темір жол арқылы да жүк тасымалын жеделдетуге болады. Экономикалық аймаққа келіп, кәсіпорындар құрылысын жүргізуге шет елдік компаниялардан да қызығушылық бар.
Мұстафа Қасымхан, облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
Ақтөбе экономикалық аймағы Ақтөбе халықаралық әуежайының артындағы аймақта орналасқан. Жалпы аумағы 858 га. Ақтөбе арнайы экономикалық аймағында көлік-логистика және өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытуды көздеп отырмыз.
Былтыр өңірде 590 километр жол салынып, 92 жоба аяқталды. «Ақтөбе-Орск», «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автомобиль жолдары жөнделді. Биыл облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың құрылысына 30 миллиард теңге бөлінді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құраманың Олимпиададағы жетістіктері
02.02.2026, 21:15
60 жастан асқандарға пойыз билеттері 25% арзандады
02.02.2026, 21:09
«Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
02.02.2026, 21:07
Қазақстанның халық саны 20,5 млн жетіп қалды
02.02.2026, 21:03
Бүгін – Ұлттық басылым күні
02.02.2026, 20:59
«Ұлттық қор – балаларға»: 3 жылда 2,5 млрд доллар аударылды
02.02.2026, 20:57
Хаменей АҚШ-тың шабуылынан аймақта соғыс басталатынын ескертті
02.02.2026, 20:54
Токио университеті «Нипах» вирусына қарсы вакцинаны сәуірде сынай бастайды
02.02.2026, 20:51