Сарыағаш айналма жолының құрылысы биыл басталады
Оңтүстік өңірдегі ең қарбалас бағыттың бірі – Сарыағаш маңы. Мұнда халықаралық транзит пен жеңіл көліктер бір жолға түйісіп, қозғалыс тығыздығы күннен-күнге артып келеді. Президент құрылтайда бұл мәселеге ерекше тоқталып, биыл Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталатынын мәлімдеді. Стратегиялық маңызға ие жоба өңірдегі жол жүктемесін азайтып, транзит қозғалысын реттеуге мүмкіндік бермек.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Қазір бұл жолмен Сарыағашқа да, қарсы бағыт Шымкентке де жету — уақытпен күрес. Мамандардың айтуынша тәулігіне мұнда 20 мыңнан астам транзиттік жүк көліктері мен жеңіл автокөліктер қатынайды. Екі жолақты тас жол көлік ағынын көтере алмай отыр. Осы мәселені шешу үшін Сарыағаш айналма жолы салынбақ.
Сарыағаш ауданындағы бұл жол халықаралық дәліз қызметін атқарып отыр. Күн сайынғы кептеліс уақытты да, қозғалыс қауіпсіздігін де сынаққа айналдырған. Осы бағытпен қатынайтындар мәселенің күннен-күнге ушығып бара жатқанын айтады.
Көлік ағынының күрт артуы жолдың жобалық мүмкіндігінен әлдеқайда асып кеткен. Осыған байланысты мәселе айналма жол салу арқылы шешілмек.
Мейіржан Жалайыров, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
Тәулігіне үш мың автокөлікті өткізу қарқындылығы бар. Бірақ қазіргі таңда ол жолда он сегіз мың – жиырма мыңға дейін автокөліктер жүріп жатыр. Көлік кептелісінің, жол көлік оқиғалары жиі орын алуда.
Сарыағаш — Орталық Азия елдері бойынша маңызды транзит торабы. Алайда бұл бағыттағы екі жолақты тас жол ірі жүк көліктерінің үздіксіз ағынына төтеп бере алмай отыр. Осы қозғалыстың қиындығын көзбен көріп жүрген жүргізушінің бірі – Алматы –Термез бағытымен жүк тасымалдайтын Атабек Гафуров.
Атабек Гафуров, жүргізуші:
Екі жарым сағатқа дейін кептелісте тұрып қалатын кездер болады. Ауылдың ішімен жүргенде жеңіл көліктер көп, жол босамайды. Фурамен жүру қиын. Айналма жол болса, бәрімізге үлкен жеңілдік болар еді.
Жоба тек жол салумен шектелмей, тұтас көлік инфрақұрылымын қамтиды. 4 жолақты жаңа бағыт бойында 9 жолайрық, 26 көпір және 11 теміржол өткелі салынбақ. Сонымен қатар жүргізушілерге арналған 4 демалыс алаңы мен 10 ақылы жол аркасы қарастырылған. Бұл жоба оңтүстіктегі халқы тығыз орналасқан өңірлердің экономикалық әлеуетін арттырып, төрт бірдей ауданның көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Дәл осы жерден Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталады. Ұзындығы 102 шақырымды құрайтын жаңа бағыт Қапланбек елді мекенінен шығып, «Б. Қонысбаев» кеден бекетіне дейін жалғасады. Осылайша транзиттік көліктер Сарыағаштың ішіне кірмей, тікелей халықаралық дәлізге шығады.
Президент тапсырмасына сай жоба құрылысы биыл басталады. Айналма жолдың жалпы құны 238 млрд теңге. Жаңа бағыт іске қосылғанда, өңірдегі қозғалыс жеңілдеп, еліміздің халықаралық көлік-логистикалық әлеуеті артады.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасында барлық саланың даму жолы қамтылған
23.02.2026, 20:17
Отбасының беріктігі – мемлекеттің тұтастығы
23.02.2026, 20:17
Саяси реформалар басқару жүйесін жетілдіре түседі
23.02.2026, 20:17
Мексикада есірткі картелі жетекшісінің қазасы тәртіпсіздіктерге түрткі болды
23.02.2026, 20:15
Пәкістан әуе күштерінің соққысынан ондаған адам қаза тапты
23.02.2026, 20:14
Қостанайды мектеп ұжымына жаңа Ата Заң жобасы түсіндірілді
23.02.2026, 20:14
Мал ұстаған шаруаның хәлі қалай?
23.02.2026, 20:13
Сенат депутаттары тұрғындармен кездесті
23.02.2026, 20:13