Вакцина алмаған балаларды стационарлар қабылдамайды
Қызылшаға қарсы вакцина алмаған балаларды енді стационарлар қабылдамайды. Астана қаласының бас санитарлық дәрігері арнайы қаулыға қол қойды. Бұл дерттің таралуын тоқтату үшін жасалып отыр. Ескеретін жайт, жаңа талаптың емханаларға қатысы жоқ. Яғни, екпе қабылдамаған балалар әдеттегідей дәрігердің қабылдауында болып, ем ала береді. Тек ауруханаларда аса ауыр халдегі науқастар жатқан бөлімдерге қабылданбайды. Өйткені, қызылша жұқтырған бір науқастың өзі айналадағы адамдардың 90 пайызына таратады. Бұл иммунитеті онсыз да әбден әлсіреген ағза үшін өте қауіпті, дейді дәрігерлер.
Жанна Пралиева, Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Мысалы, баланың созылмалы ауруы болса, ол емханаға жатуы керек делік. Бірақ сол құжаттарды жинаған кезде оның екпесі міндетті түрде болуы керек. Ал шұғыл түрде болса ауруханаға жатқызылады.
Астанада қызылша жұқтырғандардың 96 пайызы бала
Қызылша әсіресе Астанада өршіп тұр. Үш аптада 600-ге жуық тұрғын жұқтырған. Соның 96 пайызы – бала. Енді мектептерде екпе алмаған оқушылардың тізімі жасалады. 6-10 ай аралығындағы сәбилерді де иммундау шарасынан өткізу көзделіп отыр. Вакцина тек ата-аналардың рұқсатымен салынады. Мамандардың айтуынша, бұл дерттің бастапқы белгілері тұма ға ұқсайды. Ал қызылша екенін брден қалай түсінуге болады?
Айжан Жайсан, дәрігер:
Ауыздың шырышты қабатында, ұрттың ішкі аймағында ақ манный крупа сияқты дақтар шығады. Бұл аурудың екінші, үшінші күндері айқын белгілері және коньюктевиттің болуы да белгісі болып саналады. Яғни бала жарыққа қараған кезде «мама, көзім ауырды» деп айтуы мүмкін.
Дәрігерлер осындай белгілер байқалса, баланы бірден емханаға жеткізуге шақырады. Үй жағдайында емдеуге болмайды. Әсіресе, өзге ауру кезінде жиі қолданылатын аспирин, цитрамон секілді препараттар қызылша жұқтырған баланың жағдайын ушықтырады екен. Ал бұл ауру асқынса, тыныс алу жүйесіне зақым келеді. Аса күрделі жағдайларда науқас есту, көру қабілетінен айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы