Басты Жаңалықтар Жаңа Конституция бойынша қалай ұсыныс жолдауға болады?

Жаңа Конституция бойынша қалай ұсыныс жолдауға болады?


Жаңа Конституцияға қатысты кез келген Қазақстан азаматы ұсыныс жолдай алады. Құжат Егемен Қазақстан, Казахстанская правда басылымдарында және Конституциялық сот сайтында жарияланды. Қосымша ұсыныстар болса, eGov порталына кіріп, «электрондық өтініштер» бөлімін таңдау қажет. Одан соң «онлайн сұрау» батырмасын басып, «өтініш беру» тетігі арқылы ұсынысыңызды енгізе аласыз. Egov mobile қосымшасы арқылы да дәл солай, e-Otinish бөлімін таңдап, «өтініш беру» батырмасы арқылы кіріп, «кодекс түрі», «өтініш түрі», «қай мемлекеттік органға жолдау қажет» бәрін белгілейсіз. Электронды Цифрлық Қолтаңба кілтімен қол қойып, ұсынысты жібересіз. Хабарламалар түскен сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады. Еске саламыз, Конституцияның жаңа жобасы бойынша енгізілетін өзгерістер көптің дауыс беруімен жалпыұлттық референдумда қабылданады.


Бөлісу