Атырау облысында ерекше балаларға арналған жаңа орталық жуырда қолданысқа беріледі
Атырау облысы Мақат ауданындағы мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту орталығына зәру. 1200-дей адам мүгедектігі бар деп тіркелсе оның ішінде 200-дей 18 жасқа дейінгі бала түрлі жүйке ауруларына шалдыққан. Олар әлеуметтік қызметтерді алу үшін 120 шақырымдағы облыс орталығына баруға мәжбүр. Өйткені уақытша жалдап отырған ғимараттары талапқа сай емес. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт жалғастырады.
Доссор кентінің тұрғыны Күләнда Атшыбаева немересін 7 жылдан бері осы орталыққа әкеледі. Даун синдромына шалдыққан немересіне үнемі ем мен жаттығу керек. Бірақ толыққанды оңалтудан өту үшін ғимарат стандартқа сай келмейді.
Күләнда Атшыбаева, Доссор кентінің тұрғыны:
Бұрын берген жоқ мұндай орталықтарға, адамдар енді-енді түсініп жатыр ерекше баласы барлар. Біз үшін осы орталықтың әрмен қарай толықтырылып, үлкен бассейн болса, балаларға өте қолайлы болса, тағы да мамандармен толықтырылса деген тілегіміз бар.Қазір әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме Доссор кентіндегі балабақшаның бір бөлігін жалға алып отыр. Бүгінгі таңда мұнда 25 бала оңалтудан өтуде. Қызметкерлер түрлі жаттығу, ем түрлерін көрсеткісі келеді. бірақ қол қысқа.
Жасұлан Есенғожин, Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры:
Мұнда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін орынжай талапқа сәйкес келмейді. Ипподром, теплица, ойын алаңдары қарастырылмаған.Мақат кентіндегі бұрынғы аудандық емхананың 3 қабатты ғимараты көптен бері бос тұрған еді. Биыл жергілікті билік бюджеттен осы ғимаратты жөндеуге 753 млн теңге бөліп, оңалту орталығын ашуды қолға алды. Қазір орталықтың құрылыс жұмысы 80 пайызға аяқталды.
Саламат Жұбанышев, мердігер мекеме өкілі:
Қалып тұрғандары жаяу жүргіншілер жолы, иппотерапия салынады сосын жылыжай салынады. Одан соң шарбақтың жұмыстары қалып тұр жалпы. Қыс мезгіліне байланысты әзірге оны тоқтатып қойдық. Күн жылынғасын қайта кіріседі.Нысан өткен желтоқсан айында тапсырылуы тиіс еді. Алайда жобалық сметалық құжаттарға өзгерту енгізіліп, мамыр айына шегерілген. Егер орталық пайдалануға берілсе келушілерге 8 түрлі қызмет көрсетіліп, бала саны 50-ге дейін көбейеді.
Гүлжанар Өтешова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
Ауданда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қажеттілік өте жоғары. Себебі қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі балалар бізде сол жерде қызмет алып отыр. 18-ден асқан соң олар өмірбақи бала болып қалады ғой. Сондықтан біздер әрмен қарай оңалту шараларын ала беруіміз керек.Биыл облыстағы 4 оңалту орталығы 500-дей науқасты қамтыған. Ал өңірде жалпы 4,5 мың науқас тіркелсе, мекемелердің аздық етері анық. Сондықтан келер жылы ауылдық жерлерден 2 жастан 18 жасқа дейінгі 320 баланы қамтитын орталықтарға 120 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Сондай-ақ, биыл тағы 2 орталық ашу көзделген.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16