«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағының әлеуеті жоғары
«Ақтөбе» арнайы экономикалық аймағында көлік-логистика және өнеркәсіп саласы бойынша отызға жуық жоба жүзеге асады. Әзірге логистика, металлургия, өңдеу өнеркәсібі бойынша бес компаниямен келісім бар.
Экономикалық аймақтың жалпы аумағы 858 гектар. Оның шамамен үштен бірі Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайға тиесілі. Яғни, дайын тауарды әуе көлігі арқылы тасымалдауға жағдай жасалған. Ақтөбедегі мұнай-газ, тау-кен жән темір жол саласына арналған резеңке бөлшектер шығарумен айналысатын зауыт та жаңа аймаққа көшуді жоспарлап отыр. Өндірісін кеңейтіп, дайын өнімдерін экспортқа шығармақ. Кәсіпорын басшысы жаңа жобаларға инвестиция салуға дайын екенін айтады.
Азамат Базар, зауыт директоры:
Арнайы экономикалық аймақтың салық жүктемесіне қатысты, әр түрлі артықшылықтары бар. Сол артықшылықтары бізді қызықтырып отыр. Сондықтан да осы арнайы экономикалық аймаққа ауысуға ниетіміз бар.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16