Басты Жаңалықтар Түркістанда «Жас ұрпақ – ел болашағы» форумы өтті

Түркістанда «Жас ұрпақ – ел болашағы» форумы өтті

Түркістан облысында соңғы бір жылда 75 жасөспірім суицид жасап, 37-сі  қайғылы жағдаймен аяқталған. Басым бөлігі Сайрам, Сарыағаш, Жетісай, Ордабасы және Түлкібас ауданында тіркелген. Өмірімен ерте қоштасуға асыққандардың дені 11 мен 17 жас аралығындағы балалар. Бұл туралы «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыстық прокуратура ұйымдастырған «Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форумда айтылды. Мамандар кәмелетке толмағандардың оқыс шешім қабылдауына ең алдымен ата-ананың бала бойындағы өзгерістерге бей-жай қарауы түрткі болатынын айтады. "Мектептегі қысым мен буллингке де байланысты",-дейді. Бұдан бөлек, интернеттегі қауіпті ойындар мен күмәнді сайттардың да ықпалы бар. Жиында жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қорғау, суицидтің алдын алу және мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыруға бас назар аударылды.

Мұрат Тілеубердиев, Түркістан облысының прокуроры:

Сынып жетекшілері балалардың кіммен араласатынын, көңіл-күйіндегі өзгерістерді бақылап отыруы шарт. Прокурорлық тексеру барысында педагог-психологтардың оқушылармен кезедсуіне арнайы сағат қарастырылмағаны белгілі болды. Яғни мектеп оқушыларының психологиялық жағдайды түсінуге уақыт жеткіліксіз. Бұл да жедел шешілуі тиіс мәселе.


Бөлісу