Павлодарда Конституция жобасы талқыланды
Павлодар облысының активі жаңа Конституцияның жобасын толық қолдайды және оны түсіндіру мен қоғамдық талқылауға белсене қатысуға дайын.
Мәселен, білім және ғылым саласының сарапшылары Атазаң мәтінінде білім, ғылым, мәдениет және инновациялар алғаш рет мемлекетті дамытудың негізгі басымдықтары ретінде нақты бекітілгенін жоғары бағалап отыр. Әсіресе азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға баса мән берілген дейді олар.
Салтанат Әубәкірова, Мемлекеттік университеттің проректоры:
Жаңа жобада білімнің, ғылымның, инновацияның пайда болуы. Енді біз жоғары оқу орнының өкілі ретінде бұл мәселелердің болуы өте орынды деп санаймыз. Себебі, ғылым коммерцияландырылуы керек. Және ол біздің еліміздің экономикасына әсер етуі керек. Сонда ғана ел ғылым арқылы дамитын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның құрамына Павлодар облысының өкілдері де кірген болатын. Жоба мемлекеттік құрылымның барлық жүйесін қайта қарастырып түбейлі жаңа заң моделін жасауға арналған. Бұл ретте мемлекет тек билік жүргізуші емес, азаматтардың құқығын қорғап, әділдікке кепіл болады. Қоғам талабына жауап беретін басты құжатты өңір тұрғындарына түсіндіріп, талқылауға бастамашы боламыз, - дейді аймақ белсенділері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы