Жалған әрі бұрмаланған ақпараттарға қарсы күрес күшейеді
Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен кеңесте айтылды. Жиында жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша талқылау болды. Премьер-министр барлық деңгейдегі министрлік пен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмысын күшейтуді тапсырды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркеліп жатыр. Ішкі істер министрлігіне «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тарту тапсырылды. Үйлестіру ісі Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы