Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында 1 300 жыл бұрынғы қола теңгелер табылды

Жамбыл облысында 1 300 жыл бұрынғы қола теңгелер табылды

Жамбыл облысы Бесағаш ауылы маңынан осыдан 1 300 жыл бұрын түркештер, қарлұқтар мен қытайлар қолданған қола теңгелер табылды. Монеталар 8-12 ғасыр аралығында Таразда және Қытайдың Тан және Сун әулетінің сарайында соғылған.
Бұл кезеңнің басы Атлах шайқасы болған 751 жылмен тұспа-тұс келеді. Яғни Қытай, Араб және Түркілер арасында өткен үш әлемнің соғысы өткен орыннан табылып отыр. Бұл орта ғасырлардағы сауда айналымы Тараз арқылы өтетін Жібек жолы бойында жалғасқанын білдірді. Сондай-ақ XIII ғасырға тән мыс монеталар да бар. Күміспен күптелген дирхемдер Отырар ақша сарайында соғылған. Жалпы саны 46 монета мен қыш ыдыс сынықтары былтыр мамырда Бесағаш қалашығын зерттеуден кейін табылған тарихи олжа саналады.
Сауран Қалиев, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры:

Нумизмат ғалымдардың бірлесіп шешкен шемімдері. Яғни сол жердегі табылған монеталардың каталогын дайындап шықты. Бұл бір ғана қалашықтағы үлкен олжа деп есептесек болады. Ғылымдағы олжа деп есептеуіміз керек. Басқа да сүйектен жасалған, нефриттен жасалған әшекей бұйымдар, жалпы музейлік жәдігер ретінде 150 жәдігер бар. 


Бөлісу