Азаматтардың жеке деректері қалай қорғалады?
Президент азаматтардың дербес деректерін қорғаудың маңызына Қызылордада өткен қорытынды Ұлттық құрылтайда, жаңа айтқан жиындарда тоқталды.
Ал конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында сенатор Жақып Асанов жеке деректерді қорғауды Конституцияда бекітуді ұсынды.
«Өмірден бір кейс. Жуырда Ақмола облысында 25 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. 348 азаматтың жеке деректерін ұрлап, солардың атынан 4 млрд теңгедей кредит алды. Сөйтіп соншама адам банкке бармай, еш құжатқа қол қоймай, ойламаған жерде қаржылық тұзаққа түсіп, қарызға батты…», – деді ол.
«Конституцияда жеке өмірге қол сұқпау туралы 18-бап бар. Бірақ ол қабылданған кезде цифрлық әлем қазіргідей дамымаған-тұғын. Интернетте бүгінгідей өмір сүрген жоқпыз. Тек шынайы әлемде жүріп жаттық… Қазір смартфон деген өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бірақ дәл осы кеңістікте біз қатты осалмыз…
Әр адам қайда жүрсе де – кәдімгі өмірде болсын, интернетте болсын, өзінің қорғалғанын сезінуі тиіс. Бұл мемлекеттің тура міндеті», – деп қорытты сөзін сенатор.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы