Басты Жаңалықтар Өскеменде шайбалы хоккейден жастар арасында турнир өтті

Өскеменде шайбалы хоккейден жастар арасында турнир өтті

«Қысқы спорт-фест» турнирі. Осындай атаумен Өскеменде жастар арасында облыстық турнер өтті.  Шығыс Қазақстан прокуратурасы мен облыс әкімінің бастамасымен өткен жарысқа 7 команда қатысты. «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы негізінде өткен турнирдің басты мақсаты жастарды салауатты өмір салтына насихаттау.

Қазақстандағы шайбалы хоккейдің отаны саналатын Өскеменде спорттың бұл түрі ерекше маңызға ие. Сондықтан түрлі деңгейдегі турнир үнемі өтіп тұрады. Бұл жолғы жарыстың мәні мен мазмұны бөлек болды. Мұз үстінде өңірдегі ең таңдаулы 7 команда өзара мықтыны анықтады.

Екі күн жастар арасында өткен жарысты көруге Өскемендегі орталық спорт сарайына 6 мыңға жуық адам жиналды. Бұл турнирге барлық команда өте  жақсы дайындықпен келіпті.

Андрей Рюмин, «Ульбинка» хоккей клубының жаттықтырушысы:

Әр команданың жеңіске деген жігері жоғары болды. Балалар бар күш-жігерін салып ойнады. Ең бастысы хоккейшілер осындай жарыстарда шынығады.

«Заң және Тәртіп» қағидасын насихаттау негізінде өткен жарысты облыстық прокуратура ұйымдастырды.

Жансая Қадырова, облыстық Прокуратураның басқарма прокуроры:

Бұл турнирдің мақсаты жастардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Және жастарымыздың спортпен шұғылдануы, дұрыс бағытта болуына жәрдемдесу.

Шығыста жастара расында қысқы спорт түрі жақсы қарқынмен дамып келеді. Өскемен мен Риддерде арнайы мектеп те бар. Ал қыста әр мектептің ауласына мұз айдыны дайындалады.

Нұрымбет Сақтағанов, облыс әкімі:

Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жастарымызды жаман әдеттен арылсын деген оймен осындай үлкен спорт мерекесін ұйымдастырып отырмыз. Біздің спорттың болашағы, оның ішінде «Торпедо» Өскемен қаласының болашақ ізбасарлары бар екенін көрсетті.

Жарыстың нәтижесі бойынша 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасында «Устинка» командасы бірінші орын иеленді. Ал 14 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы «Торнадо» командасы үздік болды. Барлық жеңімпаздарға арнайы кубок пен медаль және алғыс хаттар табысталып, қомақты қаржы берілді. Үздік қақпашы мен үздік шабуылшы және үздік ойыншылар да жеке марапатталды.

Бөлісу