Басты Жаңалықтар Елде көмір генерациясы дамып, қуат өндірісі артады

Елде көмір генерациясы дамып, қуат өндірісі артады

Президенттің энергия өндіруді дамыту және көмір генерациясын ұлғайту жөініндегі тапсырмасы бойынша не істелініп жатыр? Осы мақсатпен бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Екібастұзға барды.

Кеңестік уақытта бүкіл одақтың энергетикалық орталығы ретінде салынған қалада қуат өндіру өндірісі өркен жайған. Өткен жылы елімізге қажетті энергияның 42 пайызын өндірді. Ерекшелігі сол Екібастұздағы стансалар осы қаланың іргесінен шығарылатын көмірмен жұмыс істейді. Бір ғана «Богатырь» кеніші тәулігіне 145 мың тонна қатты отын шығарады.

Сергей Усик, «Богатырь» кеніші бас директорының орынбасары:

Кеніштің өндірістік қуаттылығы жылына 42 млн тонна. Бұл жерде Богатырь мен Солтүстік разрездері біріктірілген. Біз келешектің технологиясын меңгеру арқылы көмір қазуды түгелдей автоматтандырамыз. Бұл сапаны жақсарту үшін қажет. Өткен жылы 45 млн тонна көмір шығардық.

Қызылордадағы құрылтайда Президент көмір өндірісін дамытуға ұлттық жоба мәртебесін беру міндетін қойды. Себебі қатты отын энергетикалық сектордың дамуына күш береді. Мәселен, Екібастұз МАЭС-2 стансасы жылына 2,4 млн тонна көмір жағады. Қазір кәсіпорында 3 және 4-энергоблок құрылысы жүріп жатыр. Бұл энергия өндіру көлемін 2,1 ГВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазір станса 1 ГВт қуат өндіреді.

Өмірхан Салманов, Екібастұз МАЭС-2 станциясы АҚ-ның техникалық кеңесшісі:

Мына стансаларымыздың болашағы 3, 4 блокта қондырғыларды орнатуға байланысты. Бір жағынан әрі мегават өседі. Әр блокта 50 мегаватт. Әр қондырғының қуаты 550 мегаватт, 1100 МВт-қа өседі. Экологиялық қауіпсіздік артады.
Бөлісу