Басты Жаңалықтар Шетелдегі қазақтар Құрылтайда айтылған бастамаларды қолдайды

Шетелдегі қазақтар Құрылтайда айтылған бастамаларды қолдайды

«Жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда». Осылай деген Президент Қасым- Жомарт Тоқаев бесінші Құрылтайда сөйлеген сөзінде жастар тәрбиесіне айрықша тоқталды.

Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, тәуелсіз елімізді жаһан жұртына танытуы зор мақтаныш деді. Өзбекстандағы қазақтар да бұл айтылған бастаманы қолдайды. Көрші елдегі қазақтар, оның ішінде жас буын өкілдері ұлтымыздың мәртебесін көтеруге аянбай үлес қосуда. Өнерпаз балғындар түрлі байқауларда топ жарса, кітап оқуға құштар өрендер  күш-қуаты мен ынта-жігерін білім алуға жұмсап жүр. Екі елдің ынтымағын нығайтып, мәдени рухани саланы дамыту басты мақсат. 

Серікбай Үсенов, қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы:

Бұдан да достықты нығайтып, жастар тәрбиесіне мән беріп, қазақтың тілін жоғалтпай, әдет-ғұрпын сақтау үшін ауқымды шаралар жүргізіп жатырмыз. Нәсіп болса, осы жылда да оларды жүзеге асырамыз.


Бөлісу