Жаңа әлеуметтік жобалар жүзеге асады
Шымкентте ерекше қажеттілігі бар спортшыларға арналған жаңа спорт инфрақұрылымы қалыптасады. Қалада паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт кешенінің құрылысы басталды. Бұл нысан спортшылардың кәсіби даярлығын күшейтіп, халықаралық ареналарға шығуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен ана мен бала денсаулығын нығайтуға бағытталған заманауи перинаталдық орталық салынады. 200 төсек-орындық медициналық мекеме халықаралық стандарттарға сай жабдықталып, жоғары технологиялы диагностикалық бөлімшемен қамтылады. Бүгін әлеуметтік маңызы бар нысандардың жобалары таныстырылып, құрылыс жұмыстарының басталуына орай капсула салу рәсімі өтті.
Айдын Нәшенов, қалалық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:
Екі нысанның да құрылысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ол республикалық бюджет және жергілікті бюджеттен де. 2027 жылға дейін салынып, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00