Қарағанды облысында қант диабетіне шалдыққандар 8%-ға көбейген
Қарағанды облысында қант диабетіне шалдыққандар саны 8 пайызға көбейген. Дәрігерлер дертті дер кезінде анықтамаса, мүгедек болу қаупі жоғары деп санайды. Бүгінде өңірде 40 мыңнан астам тұрғын тіркеуде, арасында жаңа туған сәбилер де бар дейді дәрігерлер. Өңірде дерті дендеген жандардың 10 мыға жуығы инсулинге тәуелді.
Нұрбол Күнеділов, Қарағанды тұрғыны:
Бұл ауруды қалай пайда болатын әсерін сіз білмей де қаласыз. Сіздің ойлау жүйеңізге байланысты. Қандай да бір стресс болған жағдайда осы ауру пайда болады. Тамақтану жүйесін қалыптастыру, дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау арқылы ғана жеңіл шешіледі деп ойлаймын.
Қарағанды облысында 450 бала қант диабетімен ауырады. Олардың басым көпшілігі
инсулинді помпа аппараты арқылы алуға мәжбүр. Ал халықаралық федерация дерегіне
сенсек, әлемде 537 миллион адам қант диабетіне шалдыққан. Басым көпшілігі
алғашқы белгілеріне атүсті қарап, кейін ауруды асқындырып алатын көрінеді.
Зарема Тұтқышбаева, облыстық клиникалық аурухананың бөлім меңгеруішісі:
Адам кеш біледі. Ең басты 3 симптомы: бас ауруы, семіздік немесе салмақтың азаюы. Бұл ең бастапқы белгілері болып саналады.
Қарағанды облысында 450 бала қант диабетімен ауырады. Олардың басым көпшілігі
инсулинді помпа аппараты арқылы алуға мәжбүр. Ал халықаралық федерация дерегіне
сенсек әлемде 537 миллион адам қант диабетіне шалдыққан. Басым көпшілігі
алғашқы белгілеріне атүсті қарап, кейін ауруды асқындырып алатын көрінеді.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06