Басты Жаңалықтар Балаларды психологиялық диагностикасына арналған бірыңғай цифрлық платформа құрылады

Балаларды психологиялық диагностикасына арналған бірыңғай цифрлық платформа құрылады

Балаларды психологиялық диагностикадан өткізіп, тексеру бойынша бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Жоба балалар арасындағы тәуекелдерді ерте анықтауға, психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға және педагог-психологтардың рөлін күшейтуге бағытталған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Платформа 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында іске асырылады. Тұжырымдамада білім беру ұйымдарында педагог-психолог сағатын енгізу, зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашу, педагог-психологтардың кәсіби стандарттарын қайта қарау және мамандардың біліктілігін арттыру көзделген. Сондай-ақ кейс-менеджмент институты дамып, зорлық-зомбылық жағдайларында психологтардың міндетті қатысуы қамтамасыз етіледі.


Бөлісу