Волонтерлердің цифрлық паспорты жасалуы мүмкін
Волонтерлердің цифрлық паспорты жасалуы мүмкін. Бүгін Халықаралық еріктілер жылының салтанатты ашылуы қарсаңында Президент бұл бастаманы қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы ең әуелі қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын жанашыр жандар волонтерлер қауымына алғысын білдірді. Әрі еріктілер ескеруі тиіс басты міндеттерге тоқталды. Оның алғашқысы – волонтерлік қызметте жаңа технологияны көбірек пайдалану, халықаралық ықпалдастықты, азаматтардың экологиялық міндетін арттыру және корпоративтік еріктілер қозғалысын дамыту.
Бизнес әлеуметтік жауапкершілікті сезіне білуі тиіс. Мемлекетіміз ұлттық буржуазияны үнемі қолдауда, ал біздің кәсіпкерлер халқымызға қамқор болып, әрдайым көмектесуі керек. Тарихта мұндай мысалдар аз емес. Бақуатты азаматтар мектеп салып, оқу-ағарту ісін дамытуға үлес қосқан.
5 жыл бұрын волонтерлер саны 50 мың болса, биыл 300 мыңға жеткен. Ұйым саны 4 есе өсіп, 800-ге жуықтаған. Биыл халықаралық еріктілер жылы деп жарияланғаны белгілі. Бастаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-сессиясында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтеріп, ұсыныс жаһандық ауқымда қолдау тапқан еді. Форумға еліміздің әр түкпірінен волонтерлер жиналып, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Тек қана физикалық тұрғыда емес, білімімен, кәсібімен көмектесе алады. Мысалы6 Атыраудағы ерекше баланың ата-анасына Алматыда отырған ІТ маман сайт ашып бере алады. Бір жағынан біз интеллектуалды волонтерлікті дамытып жатсақ, екінші жағынан мемлекеттік ұйымдарды әсіресе қайырымдылық қорларына қолдау көрсетеміз.
Луиза Мыңбаева, Сәтбаев қаласы меценаттар клубының мүшесі:
Былтыр 2 пәтер ерекше қажеттіліктері бар отбасыға сыйладық, 150 баланы киіндірдік. 370 ерекше балаға көмек көрсетілді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы