Өрт сөндірушілер мен құтқару қызметі көліктеріне жол бермегендер ескерту алды
Қарағанды облысының өрт сөндірушілері мен құтқару қызметінің мамандары
былтыр 6500-ден астам шұғыл шақыртуға шыққан. Алайда кейбір жүргізушілер арнайы
техниканың қозғалысына кедергі келтіріп, жол бермейді. Сол үшін полиция
қызметкерлерімен бірлесіп, рейд өтті. Дыбыстық сигнал қосылған қызметтік
көліктерге жол бермеген жүргізушілерге ескерту жасалды. Мұндай сәттерде әр
минут маңызды. Заң талаптарына сәйкес дыбыстық және жарық дабылы қосылған
арнайы көліктерге жол бермеген жүргізушілерге 86 мың 500 теңге айыппұл
салынады. Егер бұл жайт қайталанса, айыппұл көлемі ұлғайып, 40 сағатқа дейін
қоғамдық жұмысқа тарту жазасы қарастырылған. Қазір тәртіпті бақылау мақсатында
315 арнайы техника бейнекамерамен жабдықталған.
Мақсат Дүйсенбаев, өрт сөндіру
және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы басшысының орынбасары:
Кейбір жүргізушілер, ондайлар бар. Әдейі жол бермейтіндер, өткізбейтіндер бар. Олар енді білмейтін де шығар, техника өрт сөндіруге немесе авариялық-құтқару жұмысына бара жатқанын. Әр секунд, әр уақыт бізде адамның өмірі ғой.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елордада «Кітапхана түні – 2026» шарасы өтті
23.10.2026, 10:25
Түркі әлемінің ортақ мұрасы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді
23.10.2026, 10:22
Ресейде жалған сертификаттарға қарсы күрес күшейтіледі
23.10.2026, 10:17
Алтын шикізатын шетелге заңсыз шығармақ болғандар ұсталды
23.10.2026, 10:15
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
23.10.2026, 10:14
Қытайда жер сілкініп, 16 адам қаза тапты
23.10.2026, 10:13
Қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды
23.10.2026, 10:12
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бөлінді
23.10.2026, 10:10