Әулиеатадағы әмбебап кітапханада Жамбыл Жабаевтың ең алғашқы жинақтары сақтаулы тұр
Әулиеатадағы әмбебап кітапханада Жамбыл Жабаевтың ең алғашқы жинақтары сақтаулы тұр. Суырыпсалма ақын, сұңғыла жыраудың тұңғыш кітабы өзі қайтыс болған соң бір жылдан кейін баспадан шыққан.
Бас-аяғы 7 кітап осыдан 80 жыл бұрын Алматы мен Мәскеуде жарыққа шыққан. Бүгінде Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық кітапхана қорында 270 мыңнан аса кітап бар десек, оның мыңнан астамы түпнұсқадағы ескі кітаптар. Жыр алыбының құнды кітаптарының алғашқысы 5 бөлімнен тұрады. Қазан көтерілісіне дейінгі өлеңдері, 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шығармалары мен 8 поэмасы енген. Сондай-ақ Жамбылдың Құлманбетпен, Шашубаймен, Досмағамбетпен және Айкүміспен айтыстары бар. Жыр жампозының сирек суреттері де енгізілген. Енді ескі кітаптардың электронды нұсқасы жасалмақ. Жамбылдың да жырлары мобильді қосымша арқылы қолжетімді болады.
Эльмира Әбдінова, облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры:
Әрбір кітапханада сақталатын кітаптардың өзінің ережесі бар. Оған тікелей күн түспеу керек. Ол жерде ылғал болмауы керек. Жарықтың өзі де кез-келген кітапқа өзінің сондай ережесі бойынша сақталады. Құнды кітап болғаннан кейін бұның түпнұсқасы болғаннан кейін бұл кітаптарды оқырманның қолына бермейміз. Оқырмандар бұл кітаптарды тек қана біздің оқу залдарымызда абонементте отырып, сол жерде оқып, танысуларына болады.Қымбат Болтай, Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының оқушысы:
Кішкентай кезімнен бері осы поэзияға жақын болғандықтан осы халық ауыз әдебиетіне жақын болғандықтан осы көне кітаптарды ұстау арқылы көзбен көру маған көптеген әсер қалдырды. Құдды бір музейге келгендей сезім алдым. Сонымен қатар көне бір ескерткіштерді көзбен көру арқылы мен ары қарай осы кітапханаға келіп өзімнің білімімді шыңдайтын боламын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы